6 жасар егіз қыздарды аймалаған Қызылордалық педофилге үкім шықты
Қызылорда облысында елді дүрліктірген қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Алты жастағы екі қызға азғындық жасаған еркектің үстінен жас балаларға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін 121 бап 4 тармақ және 124 бап 1 тармақ бойынша қылмыстық іс қозғалды. 9 қыркүйекте өткен сотта 30 жастағы психикалық ауытқуы бар ер адам 6 жастағы екі егіз қызға азғындық көрсеткені үшін Алматы облысы, Ақтас ауылындағы Республикалық психиатриялық аурухананың қатаң бақылау бөліміне мәжбүрлеп емдеуге жіберілді. Бұл — елдегі қайта емделмейтін, қылмыс жасаған сәтте өз әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылмайтын садистер мен қанішерлерге арналған атышулы жабық мекеме.
Жалпы зорлық-зомбылық бойынша ҚР ішкі істер министрлігі статистика және арнайы есептер комитетінің биылғы мәліметтеріне зер салсақ, кәмелетке толмағандарды зорлау бойынша 97 оқиға тіркелген. Ал оларға осы жыныстық сипаттағы күштеу әрі зорлық-зомбылық бойынша 87 оқиға тіркелді. Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе басқа жыныстық сипаттағы 138 оқиға тіркелді.
Жәбірленушілердің анасы қыздарының өмірін мәңгілікке өзгерткен сол бір күн туралы былай дейді:
Сұрақ қоя бастағанда екінші қызы анасына көршісінің шалбарын шешіп ұстатқанын, жыныс мүшелерін сипалағанын айтыпты.
Істі жүргізген заңгер Ләззат Рақышева айыптының қоғамға қауіпті екенін, стационарлық орталыққа жатқызылуы қажет екенін баса айтты.
Адвокат Айман Омарова істің екі қызға да қатысты қозғалуы қажет екенін айтқан болатын.
Сонымен қатар, адвокаттар тергеу органдарының немқұрайлы көзқарасына қатты наразылық білдірді. Тергеушілердің бірі қыздардың анасына қыздарының «қыздық пердесі жыртылмағандықтан», олардың арыздарын қайтарып алу керектігін айтқан.
Ләззат Рақышева өзінің парақшасына айыптының телефонындағы порнографиялық бейнежазбалар іздегенін көрсетті.
Қыздардың анасы айыптыны әкелік құқықтан айырса деген ниетін айтты.
Сондай-ақ жәбірленуші қыздардың анасы заң жағынан көмектескен орталыққа алғысын айтты.
Жаға ұстатарлық жағдайдан әбден зәтте болған ана тағы да айыптының жабық мекемеде болуын баса айта кетті.
Бұл трагедия — жас балаларға көрсеткен сексуалдық зорлық-зомбылық туралы іс емес. Бұл – құқық қорғау органдары мен соттардың мұндай қылмыстарға қалай қарайтыны және олар көмекке зәру адамдарды қаншалықты қорғай алатыны туралы мәселе. Қыздардың анасы мен адвокаттары әділеттілікке қол жеткізу үшін күресті. Ақыры сот әділ шешім шығарып, айыптыны қатаң түрде емдеу орталығына жіберді.