Қызылордада сотталғандарды бостандыққа дайындау жұмыстары жүргізілді

155
Қылмыстық атқару саласына қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінде сотталғандарды бостандыққа дайындау мақсатында мекеменің мамандары істі болған азаматтарды жеке қабылдады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 




Қызылордадағы қылмыстық атқару саласына қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінде сотталғандарды бостандыққа дайындау мақсатында, мекеменің АКАӘПТЖБ-нің мамандары мен заңгер кеңесші жаза мерзімі аяқталуға таяу  сотталған азаматты жеке қабылдады.

Алдымен мекеме  психологы Айбек Орынбаев сотталғанмен аутотренинг өткізді. 


Бұл жұмыстың негізгі мақсаты:  келеңсіз оқиғалардан ойларының алаңдауын, жағымсыз эмоциясымен күрес, конфликтілік жағдайдың алдын алу және стрес күйден шығу мен проблемаларды шешу болып табылады. 
Тренинг барысында сотталған азамат бостандыққа шыққанннан кейінгі балаларының қалай қабылдайтындығына күмәнданып, қандай қарым-қатынас жасаймын деп уайымдап жүргендігін білдірді.  

Өзінің  4 баласы бар, оның үлкені 12 жаста,  өтпелі жасөспірім шақта екендігін айтты. Осы бойынша сотталғанның бойында өз-өзіне  деген сенімділікті ұялатып,  сенімсіздіктен, қобалжудан, қорқыныштан арылтып, тиімді қарым-қатынасқа машықтану эмпатиясын дамытатын әртүрлі жаттығулады орындаттым - дейді, психолог маман.


Келесі кезекте  мекеменің теолог маманы Р.Рузиев өз қабылдауын былайша сипаттап берді.

Экстремиз және терроризм бабы бойынша жазасын өтеуші азаматпен теологиялық оңалту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп тұрды. 

Атап айтар болсам, жергілікті діни бірлестік өкілдері мен жергілікті атқарушы органдардың теологтары апта сайын мекемеге келіп, түрлі діни және қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптейтін тақырыптар бойынша жеке және топтық кездесулер өткізілген болатын.


 Нәтижиесінде, сотталғанның дұрыс діни сауаты жетілдіріліп, көзқарасы оң бағытқа бейімделді. 

Санаулы күндерден соң, бостандыққа шығамын. Осы мекемеге келгелі діни сауатым ашылып, өзіме таңсық болған көптеген мәліметтермен таныстым және діни мәселеде өзіме күмәнді болған сұрақтардың шешімін таптым деп ойлаймын.

Діни көзқарасымды дұрыс бағытқа өзгерткені үшін мекеме теологтары мен тәрбие бөлімі қызметкерлеріне алғыс білдіремін- деді сотталған.


Оң бағытқа өгерген  бұл азаматпен мекеме заңгері А.Мұратбек  құқықтық сұраныстары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізсе, кітапханашы Қашқынбай Дияс сотталғанға класик жазушылардың шығармасын оқуды ұсынды.