Министр келесі жылы зейнетақы мен жәрдемақылар өсетінін айтты
1 731
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зейнетақылар мен әлеуметтік жәрдемақыларды арттыру мәселесіне қатысты өз пікірін білдірді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
2026 жылдың бюджетінде зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді арттыруға 622 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылған. Оларды 10 пайызға дейін ұлғайту жоспарланған, бұл болжамды инфляция деңгейіне сәйкес келеді, қазір ол 10,5 пайызға тең.
"Зейнетақы төлемдерін алатындардың барлығының дерлік зейнетақысы өседі: бұл ынтымақты зейнетақы, базалық зейнетақы. Сондай-ақ мүгедектік бойынша берілетін төлемдер: мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға және оларды бағып отырған ата-аналарға берілетін жәрдемақылар, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақылар өседі. Негізгі базалық көрсеткіштер көтеріледі", - деп сендірді Светлана Жақыпова.







