Қызылорда облысында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында 28 блок бекет қойылды

281
Қызылорда облысында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында барлығы 28 блок бекет қойылды,- деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Бұл жөнінде облыстық полиция департаменті мәлім етті.

«Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында қала көлемінде 5 блок бекет жұмыс істеп тұр. Ал 7 ауданда 23 блок бекет орналасқан. Бұл бекеттерде тәулік бойы полиция қызметкерлерінің нарядтары, әскери қызметшілер кезекшілік етеді. Арнайы техникамен қамтамасыз етілген.

«Қызылорда облысының Полиция департаменті Төтенше жағдай кезінде барлық азаматтарды енгізілген шектеу мен қоғамдық тәртіпті сақтауды сұрайды. Облыс аумағында енгізілген шектеулерге байланысты Сіздерді тек аса қажеттілік болған жағдайда ғана үйден шығуға болады», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.