«Қажет болса, заңды өзгертеміз»: Тоқаев бұдан былай туды қорлауға жол берілмейтінін айтты
327
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік туымызды пайдалану тәртібін қайта қарап, тиісті заңдарға өзгертулер енгізуге болатынын айтты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Еске сала кетсек, бұдан бұрын Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин сахнада еліміздің туын ұстап тұрып, бейәдеп қылық көрсеткен Shiza атты әншінің әрекетіне қатысты пікір білдіріп, мемлекеттік туды аяқасты етуге жол беруге болмайтынын айтқан еді.
«Жастардың отаншылдық рухын күшейту керек. Қазір әлеуметтік желіде мемлекеттік туды қадірлеу туралы көптеген ой-пікірлер айтылуда. Өкінішке қарай, қасиетті көк туымызға байланысты орын алған жағымсыз жағдайлар азаймай тұр. Сондықтан, байрағымызды пайдалану тәртібін қайта қарау керек деп ойлаймын. Қажет болса, тиісті заңдарға өзгертулер енгізуге болады. Өйткені, көк туымыз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы. «Туған жерге туыңды тік» деп халқымыз бекер айтпаған. Біз – туын әрқашан биік ұстаған елміз. Осы ретте, Қаныш Сәтбаевтың бір ойы өзекті болып отырған сияқты: «Өз елінің қара тасын мақтан ете алмаған, өзге жердің алтынын да мақтап жарытпақ емес». Мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеу – әр азаматтың перзенттік парызы. Осыны өскелең ұрпақтың санасына сіңіретін ең әуелі – сіздер, яғни зиялы қауым», - деді Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессия барысында.
Еске сала кетсек, бұдан бұрын Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин сахнада еліміздің туын ұстап тұрып, бейәдеп қылық көрсеткен Shiza атты әншінің әрекетіне қатысты пікір білдіріп, мемлекеттік туды аяқасты етуге жол беруге болмайтынын айтқан еді.