Жетісу облысында жол көлік апатынан үш адам қаза тапты

195

Фото: polisia.kzЖетісу облысында жол талғамайтын көлік аударылып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жол-көлік оқиғасы Панфилов ауданында орын алды. 20 қыркүйек күні Батыс Қытай – Батыс Еуропа тас жолының 273-шақырымында Lexus-470 автокөлігі аударылып кетті. Көлік салонында оқиға орнында қаза тапқан үш адам болған. Қайтыс болғандардың екеуі 39 жастағы және 37 жастағы ерлі-зайыптылар. Үшінші тұлғаның жеке басы анықталуда.


Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмысын жалғастыруда. Олар барлық мән-жайды және көлік тізгінінде кім болғанын анықтап жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.