Мысыр жаңа астанасының атауын қоюға байқау жариялады
330
Египет билігі 2021 жылдың соңына дейін ашуды жоспарлап отырған жаңа астананың атына конкурс жариялады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ahram агенттігіне сілтеме жасап.
Жаңа астананың жобасын жүзеге асыратын мемлекеттік инженерлік орган астананың атауы мен ұранын, қаланың инновациялық логотипі мен визуалды сәйкестігі бойынша ұсыныстар жіберуге шақырды.
Биліктің шарты бойынша ұсынылған атауда ғылым, инновация, тұрақты даму және заманауи технологиялар арқылы әлеуметтік прогресс идеясы көрсетілуі керек.
Азаматтар жаңа астананың атауын 18 қарашаға дейін арнайы сайтқа жібере алады. Өтінімдерді сарапшылар, зиялы қауым және жазушылар комитеті қарайды.
Жаңа астана бес жыл бұрын Каирден шығысқа қарай 40 шақырым жерде салына бастады. Қаланың ауданы 700 шаршы шақырым, ол 6,5 миллион адамға арналған. Сондай-ақ, министрліктер, парламент, мемлекеттік органдар, тұрғын үйлер мен барлық қызметтер осы жерге көшуді жоспарлап отыр. Египеттің қазіргі астанасы Каир әлемдегі алтыншы үлкен мегаполис болып табылады. Онда 22 миллион адам тұрады.
Жаңа астананың жобасын жүзеге асыратын мемлекеттік инженерлік орган астананың атауы мен ұранын, қаланың инновациялық логотипі мен визуалды сәйкестігі бойынша ұсыныстар жіберуге шақырды.
Азаматтар жаңа астананың атауын 18 қарашаға дейін арнайы сайтқа жібере алады. Өтінімдерді сарапшылар, зиялы қауым және жазушылар комитеті қарайды.
Жаңа астана бес жыл бұрын Каирден шығысқа қарай 40 шақырым жерде салына бастады. Қаланың ауданы 700 шаршы шақырым, ол 6,5 миллион адамға арналған. Сондай-ақ, министрліктер, парламент, мемлекеттік органдар, тұрғын үйлер мен барлық қызметтер осы жерге көшуді жоспарлап отыр. Египеттің қазіргі астанасы Каир әлемдегі алтыншы үлкен мегаполис болып табылады. Онда 22 миллион адам тұрады.
Тағы да оқыңыздар
Шекарашыны атып өлтірді
1 541