Қызылорда тұрғындары өз атына рұқсатсыз несие рәсімдеген әйелге шағымданды
1 546
Қызылордада тұрғындар атына заңсыз несие рәсімделгенін айтып, алаяқтыққа қатысты шағымданды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап.
Зардап шегушілер күдікті әйелге тиімді несие рәсімдеп беремін деген уәдесіне сеніп, жеке мәліметтерін тапсырған. Проблема осы жерден басталған: олар келіншек өз аттарынан бірнеше банктен несие алғанын тек банк тарапынан төлем туралы хабарлама келгенде ғана білген.
"Алты адамның атынан сегіз банктен жиыны 20 миллион теңге алған. Қазір несиелер төленбей жатыр. Банк бізді төле деп қысып жатыр. Өзімнің несием 9 айдан бері төленбеген. Қазір сотқа өтіп кетті. Сот менің барлық шоттарымды бұғаттап тастады. Келіншегім де, атам да просрочкаға кіріп жатыр", – деді Қызылорда қаласының тұрғыны Асылжан Асқаров.







