Әкімдік хатшысы бір уақытта үш жерде "жұмыс істеген"
Ұлытау облысында әкім орынбасарының хатшысы Сусара Қашқынбаеваның бір уақытта үш жерде “жұмыс істегені” белгілі болды. Ол ресми түрде бір мезгілде үш жерде қызметкер ретінде тіркелген. Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков бұл жағдайдан хабардар екенін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ұлытау облысында әкім орынбасарының хатшысы Сусара Қашқынбаеваның бір уақытта үш жерде “жұмыс істегені” белгілі болды. Ол ресми түрде бір мезгілде үш жерде қызметкер ретінде тіркелген: Білім басқармасында, Жезқазған облыстық көпсалалы ауруханасында жұмыс істеген. Ал шын мәнінде ол сол уақытта облыс әкімінің орынбасары Аман Барикеновтің қабылдау бөлмесінде оның хатшысы болып отырған. Яғни, бір қызметкер бір уақытта үш жерден бюджет қаржысын “иемденіп” отырған. Заңсыздыққа жол берген әкім орынбасары мен басқарма басшысы жазаланбаған. Журналист осы жайттан хабардарсыз ба, неліктен олар жауапқа тартылмаған деп сұрады.
Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі кейін желіде тараған жазбаға қатысты жауап берді.
Сондай-ақ БАҚ өкілдері мен блогерлерден ресми дереккөздерден алынып, тексерілген ақпаратты жариялауды сұрады.







