Массажисті үйіне шақырған ер адам оған зорлық көрсетпек болған

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИ

Қыздың айтуынша, 4 шілде күні ер адамның үйіне емдік массаж жасау үшін барған. Келмес бұрын ер адам одан интимдік қызмет көрсететін массажист қыз тауып беруін сұраған, алайда ол бас тартқан. Кезекті кездесудің алдында да қыз интимдік қызмет көрсетпейтінін бірнеше рет ескерткен, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Қыздың сөзінше, массаж кезінде ер адам одан тағы да интимдік әрекеттер жасауды талап еткен. Ол бас тартқаннан кейін ер адам шашынан ұстап, басын диванға соғып, ұра бастаған. Артынша оған зорлық көрсетіп, үйден шығуына мүмкіндік бермеген.

Қыз терезе арқылы қашып кетпек болған. Алайда, ер адам аяғынан ұстап, қайтадан бөлмеге кіргізген, пышақпен қорқытып, болған жағдай туралы ешкімге айтпауды талап еткен. Қыздың айқайын ауладағы адамдар естіп, полиция шақырған.

Ер адамды қолға түсірді. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері де келіп. Қыздың түрлі дене жарақаттарын алғанын анықтаған.

Сонымен қатар қыз полиция қызметкерлерінің әрекетіне қатысты да шағым айтты. Оның туыстарын пәтерге кіргізбей, ал өзін зорламақ болған ер адаммен бірге бір бөлмеде ұзақ уақыт бойы екеуін қалдырған.

Қыздың өкілі оның өзіне тек осы түні ғана хабарласқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, сараптамалардың жүргізілуіне және ықтимал куәгерлерден жауап алу мәселесіне қатысты сұрақтар бар. Іс материалдары зерттелгеннен кейін оқиғаның барлық мән-жайы анықталмақ.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.