Ақтау қаласындағы пәтерлердің бірінен ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

324

Ақтау қаласындағы пәтерлердің бірінен ер адам мен әйелдің мәйіті табылды. Полицейлер оқиғаға қатысы бар күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Фото: pixabay.com17 тамыз күні сағат 10:40 шамасында 102 кезекші пультіне 14 шағын аудандағы пәтерлердің бірінен ер адам мен әйел адамның мәйіті табылғаны туралы шақыру түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, Полиция департаментінің және прокуратураның басшылығы барды.


28 жастағы күдікті көп ұзамай анықталып, ұсталды. Ол Ақтау қаласы Полиция басқармасына жеткізілді. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 

“Кісі өлтіру” бойынша тіркелді. Тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.