Туған күнге барған ерлі-зайыптының арасында жанжал шығып, қайғылы оқиғамен аяқталды

378
Шымкентте ер адам бейтаныс адамдармен билеген әйеліне қызғаныштан пышақ сұққан, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



48 жастағы ер адам сыныптасының туған күніне дәмханаға барған. Бірінші әйелімен ажырасып, екінші рет некелескен кісі әйелін өзімен бірге алып барған. Ол әйелін достарымен таныстыруды көздеген. Алайда жұбайлар арасында дәмханада қызғаныштан жанжал туған. Ерлі-зайыпты бейтаныс адамдармен билеген.

Әйелімен сөзге келіп қалған ер адам дәмханадан жаяу шығып кеткен. Ал әйелді үйіне ағасы жеткізіп салған. Ерлі-зайыпты үйде кездескен кезде күйеуі оған пышақ ала жүгіріп, арқасынан терең жарақат салған. Әйел дауыс шығарып, айғайлап үлгерген. Сол сәтте аулада көлікте отырған әйелдің ағасы оған көмекке келген. Ол күйеу баласын пәтерден жүгіріп шыққан кезде көрген. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілгенімен, есін жимай көз жұмған.

Күдікті қамауға алынды. Оған абайсызда жәбірленушінің денсаулыққа ауыр зиян келтіріп, өлтірді деген айып тағылды. Абай аудандық соты ер адамды кінәлі деп тауып, 8 жылға бас бостандығынан айырды. Әйелдің артында кәмелетке толмаған екі баласы қалды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.