Қызылорда облысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасының көрсеткіші бойынша көш бастап тұр

2 313

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы туралы 24kz телеарнасының арнайы сюжетінде Сыр өңірі тазалық көрсеткіші бойынша бірінші орында екені айтылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Облыстың барлық елді мекендерінде санитарлық тазарту, абаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Тазалық шараларына 190 мыңнан астам еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері қатысты. 8 мың тоннадан астам қоқыс қалдықтары шығарылып, елді мекендердегі 471 сквер мен парк, 221 тарихи-мәдени ескерткіш, 998 әлеуметтік нысан (мектеп, балабақша, спорт, денсаулық сақтау мекемелері және т.б.), 2 820 өнеркәсіп және бизнес нысаны аумағы, 35 су объектісі (өзен, көл, жасанды су айдындары, субұрқақтар, арықтар және т.б), мен 23 124 көше бойы (4 025 көпқабатты, 19 099 жер үй ауласы) тазартылды. Оған 540-тан астам техника жұмылдырылды.

Жыл басынан бері өңірдің климатына сәйкес келетін, жерсінген қарағаш, терек және Сыр талының 240 700 көшеті егілді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.