Ақтауда 2,5 миллион теңгеге орнатылған жаңа әткеншекті бұзақылар қиратып кетті

294
Ақтауда Ынтымақ орталық алаңындағы құрылысы аяқталмаған "Әткеншек" нысанын бұзған бұзақылардың әрекеті қала тұрғындарының наразылығын тудырды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

"Сөзім жоқ. Алаңда бақылау камералары жұмыс істейді. Бұзақыларды тауып алу қиын емес, бірақ полицейлер әрекет етпей отыр", - деді жергілікті тұрғын Ғалия. 

Қала әкімдігі "Әткеншектер" шағын архитектуралық ескерткіштерінің әлі балансқа қабылданбағанын мәлімдеді. 

"Clover media group" ЖШС қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді", - деді әкімдік. 

"Әткеншектер" шағын архитектуралық ескерткішінің құны - 2 553 441 теңге.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.