Мемлекет берген үйдің бүгінгі жағдайы қандай?

2 156

Фото: Қызылорда облыс әкімдігіҚызылорданың сол жағалауында орналасқан көпқабатты үйлердің сапасы сын көтермей тұр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық қарсаңында Қызылорда облыс әкімдігі жылдар бойы үй кезегінде тұрған баспанаға мұқтаж отбасыларға қаламыздың сол жағалауында орналасқан көпқабатты үйлерді көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі жандарға тарту еткен болатын. Жуырда берілген үйлердің бүгінде тозығы жетіп, халық қолданысына берілгендігіне бір жыл толмай сапасы сын көтермей тұр. 


Естеріңізге сала кетсек,  өткен жылдың  желтоқсан айында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова көпбалалы аналарға Қызылорданың сол жағалауынан көпқабатты үйлердің кілтін табыстаған еді. Алайда, тұрғындардың қуаныштары көпке созылмаған секілді, себебі жергілікті халық тұрғын - үйдің сапасына  айтар уәждері жетерлік. Тұрғындардың айтуынша,  қауіпсіздік шаралары сақталмаған, кәріз жүйесі істен шығып, сасыған иіс мұрын жарардай. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік ахуалы төмен отбасылардың шоғырланған мекені бола тұра әлеуметтік дүкеннің жоқтығы тағы бар.  Бұл туралы

«КСК-ға хабарласып ала алмаймыз. Мына есіктің осылай тұрғанына 2 айдан асып бара жатыр. Звандасақ бір-біріне сілтейді. Күнде ертең барамыз деген жалған сөзден шаршадық» - дейді сол жағалау тұрғыны.


Қарасаң көз тоймайтын сымбаты мен сәні заманауи талапқа сай салынған дерсіз. Өкінішке орай, сырты бүтін болғанымен, іші түтін үйдің мұқтаж отбасыларына берілгендігі биліктің тағы да халықтыы келемеждеуі секілді дейді тұрғындар. Сонымен қатар, тұрғындар облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтан  көпқабатты үйдің артындағы кәріз құдықты,  орталық кәріз құдыққа жалғауына  ықпалын тигізсе екен деп өтініп отыр.  

«Мына кәріз құдығының иісі бүкіл ауланы алып, жер ылғалданып жатыр. Ертеңгі күні бір бала жазым болса не болмақ?! Үйді тек асты-үсті ғана  сала салған. Жоғарғы басшылар осы мәселені қолға алсаңыздар», - дейді көпбалалы ана Имашова Динара.


Осы орайда, Қызылорда Су Жүйесі «Сіздің сауылыңыз бойынша  «Қызылорда Су Жүйесі» МКК-ны мамандарымен аталған кәріз жүйесіне тексеру жұмыстары жүргізілетін болады», - деді. 


«Левый берегтің шеткі жағында тұрамын. Алдында 2 жасар балам ашық тұрған балконнан құлап кете жаздады. Бұндай жағдай бір емес бірнеше рет қайталанып отыр. Басқа көпқабатты үйлерде балкондары сетка арқылы жабылған. Балаларымыз құлап кетпесін деп қадағалап отырамыз. Көпбалалы аналарға берілген үй болса, неге қауіпсіз қылып салмаған. Әлде, міндетті түрде адам өлімі болуы қажет па?», - дейді көпбалалы ана  Сералиева Динара.




Opennews.kz тілшілері тұрғындармен сұхбаттасып болып, осы бір оқиғаның куәсі болды. Көпқабатты үйдің терезесінен үңілген бала ауып кете жаздады. Бала өміріне қауіпсіз жағдай жасалынып, көпбалалы аналардың зарына құлақ асатын жергілікті билік болса дейміз.



АЙБАР