Екі жұмысшы 5-қабаттан құлады

1 339

Фото: freepik.comАтырауда екі жұмысшы 5 қабаттан құлап кетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті хабарлады. 

Қайғылы жағдай 20 қаңтар күні сағат 11:15-те қала аумағында орналасқан тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болған. Екі жұмысшы 5- қабаттан құлаған. Оқиға салдарынан 43 жастағы ер адам ауыр жарақаттан оқиға орнында қаза тапты. Ал 33 жастағы ер адам түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді. 

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалып, қылмыстық іс бойынша кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.