"Қазақстанның жарты байлығы 162 адамның қолында" - Тоқаев

508

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі ірі бизнес өкілдерімен кездесу өткізді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Жиын барысында ол Қазақстандағы байлықтың белгілі бір топтың қолында екенін айтты.

"KPMG сияқты халықаралық сарапшылардың мәліметінше, Қазақстанның жарты байлығы 162 адамның қолында жинақталған. Ал халқымыздың жартысының айлығы 50 мың теңгеден аспайды. Яғни ондай адамдардың жылдық табысы 1300 доллардан сәл жоғары. Мұндай ақшаға өмір сүру мүмкін емес, жағдайды шұғыл түрде өзгерту керек", — деді Президент.

Бұдан бөлек Мемлекет басшысы Үкімет жанынан Отандық кәсіпкерлер кеңесін құруды тапсырды.

Мұндай орган бизнестің айтар ойы мен идеяларын тікелей жеткізуге сеп болады. Шешімдер жабық жерлерде емес, ашық алаңдарда талқыланады. Бизнес-қауыммен үнемі кездесулер өткізуге дайынмын,— деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.