Ақтөбе облысында үш жасар бала көлік ішінде жанып кетті

419

Фото: pixabay.comАқтөбеде көлік өртеніп, 3 жасар баланың жанып кеткені туралы күні кеше хабарлаған болатынбыз. Бүгін қызыл жалын кезінде машинадан шығып үлгерген 7 жастағы баланың да көз жұмғаны белгілі болды.


Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Күштаева бұл ақпаратты растап отыр.


 Оның сөзінше, 2014 жылы туған бала денесінің 80 пайызын күйік шалып, Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілген.


 "Жансақтау бөлімінде ем жүргізілді. Медициналық авиациямен барған мамандар да көмек көрсетті. Өкінішке қарай, ем нәтижесі болмай, бала кеше түнгі 12-де көз жұмды. Оның тыныс алу жолдарын күйік шалған", - деді Айгүл Күштаева.