Болат Назарбаевтың 15 баласы мұрагерлікке таласып жатыр

1 604

knews.kg2023 жылы қарашада Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев қайтыс болғаннан кейін оның мүлкін бөлу процесі басталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


2023 жылы 13 қарашада Болат Назарбаев қайтыс болғаннан кейін, нотариус Исабаев Б.Қ. 2024 жылы 3 қаңтарда №1/2024 мұрагерлік ісін ашты.


Назарбаевтар отбасының бірнеше мүшесі мұрагерлікке өтініш берген. Оның ішінде ұлы Нұрбол, әйелі Динара және бірнеше баласы бар. Өтініштер бірлесіп сатып алынған мүліктің үлесіне де, заң бойынша мұраның міндетті үлестеріне де қатысты.


Мұрагерлiк құқығына өтiнiштердi:

Назарбаев Нұрбол Болатұлы, 1983 жылы 14 қарашада туған, өсиет қалдырушының ұлы. Өсиет бойынша мұраға құқық туралы куәлік беру туралы өтінішін білдірген.


Назарбаева Динара Кемелханқызы, 04.12.1986 ж.т., мұра қалдырушының жұбайы, бірлескен некеде жиналған мүліктің 1/2 бөлігін бөлу туралы өтініш білдірген.


Заң бойынша мұраның міндетті үлесін алуға өтініш берген мұра қалдырушының балалары:

Болатұлы Болатхан, 2012 жылы 7 ақпанда туған;

Назарбаев Мұхаммед Болатұлы, 2021 жылы 21 қыркүйекте дүниеге келген;

Назарбаева Еркежан Болатқызы, 2018 жылы 18 мамырда дүниеге келген.

Назарбаев Елнұр Болатұлы, 2013 жылы 19 тамызда туған;

Назарбаев Болат Болатұлы, 2014 жылы 17 қазанда туған.

Назарбаев Акбар Болатұлы, 2016 жылы 23 қарашада туған;

Назарбаева Нұрбан Болатқызы, 2018 жылы 9 шілдеде туған;

Болатқызы Томирис, 2013 жылы 30 шілдеде туған;

Болатқызы Аруназ, 2016 жылы 30 қаңтарда туған;

Назарбаев Ханболат Болатұлы, 2002 жылы 17 ақпанда дүниеге келген;

Назарбаева Альбина Болатқызы, 2003 жылы 7 маусымда туған;

Назарбаев Хантөре Болатұлы, 2018 жылы 26 қаңтарда дүниеге келген;

Назарбаева Жанель Болатқызы, 2010 жылы 3 қарашада туған.


Болат Назарбаевтың мүлкін бөлу мұрагерлік іс қаралғанға дейінгі уақытты алады.