Мектеп оқушысы оқ жарақатын алды

1 629

Фото: ашық дерек көзіБҚО-да 11-сынып оқушысы ағасымен бірге аң аулауға барып, оған мылтық атылып кеткен. Жасөспірім ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиға Ақжайық ауданында болған. Батыс Қазақстан полиция департаменті 30 жастағы ер адамның абайсызда оқушыны атып алғанын хабарлады. Кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды.


Қылмыстық кодекстің 114-бабы (Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Аудандық білім бөлімі 3 ақпанда 17 жастағы 11-сынып оқушысы ағасымен бірге аңға шыққанын мәлім етті. Сол жерде оқушы жарақат алды.


«Қалай болғанын білмейміз, бірақ атылған соң оқ көзіне, бетіне және мойнына тиген. Оқушы тірі. Ата-анасының шағымы жоқ», - деп хабарлады білім бөлімінен.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.