Мәжіліс дәрігерлерді қорғауға бағытталған заң жобасын мақұлдады
Бүгін Мәжіліс бірқатар жаңа заң жобаларын қарауға қабылдады. Солардың бірі - «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Бұл құжат дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін қорғауға бағытталған. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов аталған заң жобасының қоғам үшін маңыздылығын атап өтті.
Депутаттың айтуынша, соңғы уақытта дәрігерлердің қызмет бабында шабуылға ұшырау деректері жиілеген.
Асхат Аймағамбетов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың да бұл мәселені бірнеше рет көтергенін еске салды.
Сонымен қатар Мәжіліс Әзербайжан, Қазақстан және Өзбекстан арасындағы жасыл энергияны өндіру және беру саласындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын да жұмысқа алды.







