Екі баланың әкесі қыз зорлап, 5 жылға сотталды

1 386

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pixabay.comПавлодарда қыз баланың дәрменсіз жағдайын пайдаланып, зорлаған ер адам сотталды. Іс жабық есік артынды қаралды, -  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Іс материалдарына сәйкес, сот отырысында екі баланың әкесі отырған. Жарыссөз барысында сотталушы өз кінәсін мойындаған жоқ. Ал өзі мен оның қорғаушысы ақтау үкімін сұрады.

Алайда оның кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сот сараптамасының қорытындыларымен және сот зерттеген басқа да дәлелдемелермен расталады.

«Жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып зорлағаны үшін (Қылмыстық кодекстің 120-бабының 1-бөлігі) заңда жаза ретінде тек 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған. Сот оң белгілерін, соттылығының жоқтығын, сотталушының жастығын және оның қамқорлығында кәмелетке толмаған екі баласының бар екенін ескере отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын жалпы режимдегі түзеу мекемесінде өтеу туралы үкім етті», - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.