Бір топ адамның шабуылынан тұрғын ауыр жарақат алған

1 528

Фото:Түркістан облысының полиция департаментіТүркістан облысы, Сайрам ауданының тұрғынын бір топ адам өлімші етіп сабап кеткен,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Жәбірленуші түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

Полиция мәліметінше, топтық төбелес бойынша екі күдікті ұсталып, кейін үйқамаққа жіберілген.

"Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ретінде жергілікті екі тұрғын ұсталды. Ұсталғандарға қатысты сот үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды", - дейді полиция.
Қазіргі уақытта істің мән-жайы анықталып жатыр.Туыстарының айтқан уәждері зерттеліп, тексерілетін болады,- дейді полиция.

Ал жәбірленуші медициналық мекемеде тиісті ем алып жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.