Жан Байжанбаев жарнамалаған киностудия алаяқтық жасаған

1 506

Фото:© instagram.com/zhan_baizhanbayevБелгілі қазақстандық актер Жан Байжанбаевтың басы дауға қалды, өнер иесі жарнамалаған продюсерлік орталықтың шамамен 40 қызметкері 2,5 айдан бері жалақысын ала алмай отыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарт агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Балалары танымал актер болсын деп 1,5 миллион теңгеден төлеген ата-аналар да шу шығарған. Полиция департаменті қылмыстық іс қозғаған. Jan production компаниясы жалақыны 7 -ші наурызға дейін беруге уәде еткен. Алайда әлі күнге дейін төленбеген. Ол бұл сөздеріне дәлел ретінде кепілдік хатты жариялаған. Онда компания басшысы Ержан Едгебаев жалақыны 2026 жылғы 7 - ші наурыздан кешіктірмей төлеуге міндеттенетіні, сондай-ақ жалақы бойынша қарыз бар екенін растайтыны көрсетілген.

“Бүгін 15 - ші наурыз. Ал қызметкерлері әлі де жалақысын алмаған. Екі айдан астам уақыт өтті, бірақ қызметкерлер адал еңбегімен тапқан ақшасын ала алмай жүр. Бізге мөрі басылған кепілдік хат берілді, онда жалақы бойынша қарыз 7 -ші  наурыздан кешіктірілмей төленетіні көрсетілген. Алайда бүгін 15 - ші наурыз, бірақ ақша әлі де төленген жоқ”, – деп жазды ол.

Енді компания басшылары көлік, үй және басқа да мүліктерін сатып жатқанын айтып, тағы біршама уақыт күте тұруын сұраған. Бірақ нақты мерзімі айтылмаған, бұған қоса, олар хабарлама мен қоңырауларға мүлдем жауап бермеген. Жалақының кешіккенінен шамамен 30-40 адам зардап шеккен.

“Көптеген қызметкерді еш ескертусіз, өзге шешім қалдырмастан жұмыстан шығарып жіберген. Көп адамның несиелері, отбасылары және түрлі міндеттемелері бар. Бірақ қызметкерлер әлдеқашан еңбегімен тапқан жалақыларын әлі күнге дейін ала алмай отыр”, – деп жазды ол.

Қызметкерлердің сөзінше, олар полицияға арыз түсірген, мәселеге ата-аналар да араласқан.

“Біз ешқандай артық нәрсе талап етіп отырған жоқпыз. Біз тек өзіміздің адал еңбегімізбен тапқан ақшамызды алғымыз келеді”, – деп жазды ол.