Биыл 32 педофилдің бостандыққа шығатыны психологтарды алаңдатып отыр

470

Фото: pixabay.comМамандар педофилдер еркіндікке шыққаннан кейін де қылмысқа баруы мүмкін екенін айтады. 
Қазіргі уақытта 2 мыңға жуық адам педифилия үшін темір тордың арғы жағында отырса, соның 20 пайызы қылмысты екінші мәрте жасап, сотты болғандар екен. 


Бас прокуратураның мәліметінше, былтыр 300-ден астам "бала зорлау" дерегі тіркелген. 


Ал "Қорғау Астана" қорының жетекшісі Анна Рыль кейбір жағдайларды тіпті білмей қалатын кездер болатынын жоққа шығармады. 


"Мұндай сұмдықты басынан кешірген баланың жағдайын сипаттау қиын. Шошынған баланы моральдық тұрғыдан қалыпқа келтіру үшін ұзақ уақыт психологпен тыңғылықты жұмыс істеу керек. Өйткені, зорлық-зомбылық көргендердің мінезінде ауытқушылық болады. Өкінішке қарай, қазір зорлық-зомбылық көретін қыз балалар ғана емес", - дейді ол. 
Анна Рыльдің айтуынша, балаға зорлық-зомбылық көрсеткен қылмыскерді бостандыққа жіберу өте  қауіпті. 


Себебі елімізде мұндай ауыр қылмыс жасағандарды босап шыққаннан кейін бақылайтын және олармен жұмыс істеуге арналған бағдарлама жоқ.


 Тағы бір мәселе, баласы зәбір көрген ата-ана көп жағдайда қылмысты жасырып қалады екен. Қылмыстың қайталануына бұл да әсер етеді дейді маман. 


"Педофидер арнайы браслет тағып, уақытылы тексеруден өтіп, арнайы мекенжайда тұруы керек. Әрі олармен психотерапевт үзбей жұмыс істеуі керек", - дейді Анна Рыль.