Оралда "жылдам ақша" алған тұрғындар қарызға батқан – қылмыстық іс қозғалды

2 250

Батыс Қазақстан облысында "Жылдам ақша" қаржы ұйымының филиалдар желісін ұйымдастырған топ тергеуге алынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Күдіктілер Орал қаласының тұрғындарына лицензиясыз микрокаржылық қызмет көрсетіп, "Жылдам ақша" филиалдары арқылы 1,5 млрд теңгеден астам қаржыға кредит берген.

"Ал несиенің пайыздары бөлек шартпен "кеңес беру қызметі" ретінде рәсімделген. Оның бәрін бір күдіктінің туысына тіркелген жеке фирма арқылы жасаған. Қарыз алушылар күн сайын 1,5% төлеуге мәжбүр болды. Бұл заңмен белгіленген 0,3% шекті мөлшерлемеден бес есеге артық", - дейді агенттік мамандары.

Осылайша, "Жылдам ақша" атты заңсыз микроқаржы ұйымы арқылы 47 мыңнан астам қарыз жоғары пайызбен берілген. Алдын ала мәліметке сәйкес, заңсыз алынған табыстың көлемі 917 млн теңгені құрайды.

Соттың санкциясымен күдіктілердің мүлкіне – өндірістік коммерциялық нысан мен бір пәтерге тыйым салынды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.