Әйелін ұрып-соққан ер адам полиция қызметкерлеріне оқ атқан

1 572

Фото:elements.envato.comАлматы облысында күйеуінен таяқ жеген әйел үйіне полиция шақырған. Ер адам тәртіп сақшыларына да бағынбай, полицейлерге қарсы оқ атқан. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Алматы облысы полиция департаментінің хабарлауынша, аталған факті 17 сәуірде тіркелген.

"Алматы облысына қарасты елді мекендердің бірінде белгісіз ер адам Еңбекшіқазақ ауданының учаскелік полиция инспекторына атыс қаруынан оқ атқан. Салдарынан полиция қызметкерінің қолына оқ тиіп, жараланды. Жергілікті күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді", - делінген ақпаратта.


Сондай-ақ ер адамның мас болғаны, қолданған тегіс ұңғылы мылтығының өз атына тіркелгені де анықталды. 


"Ұсталған күдіктінің іс-әрекеті құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғуды көздейтін қылмыстық құқықбұзушылық белгілерін қамтиды. Қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды", - делінген хабарламада.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.