ЖАСЫЛ АЙМАҚ: ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАР МЕН БІЛІМ САЛАСЫ ӨКІЛДЕРІ АКЦИЯДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

1 584

Бүгінде елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтуде, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жалпы бес апта көлемінде өткізілетін экологиялық апталықтың өзіндік мәні мен мазмұнын айшықтайтын арнайы тақырыптар бекітілген. Тиісінше, экологиялық акцияның үшінші аптасы «Жасыл аймақ» атауына бағытталды.


Осыған орай, бүгін аймағымыздың білім саласының қызметкерлері қаладағы Б.Шөкенов атындағы саябақта ағаштардың діңгегін әктеп, сол аумақта жиналған қоқыстарды тазалады. Одан бөлек, білім саласының қызметкерлері экологиялық акцияда түрлі іс-шараларды өткізіп, ерекше белсенділік танытты. Атап айтқанда, саябақ аумағында «Караоке баттл», «Бауырсақ party» ұйымдастырылып, түрлі бейнедегі аниматорлар тұрғындарға өнер көрсетті. 


Бұл экоакцияға «Amanat» партиясы Қызылорда облыстық филиалының қызметкерлері, білім саласының өкілдері, Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысып, білім саласының қызметкерлерімен бірге тазалық жұмыстары мен ағаш отырғызуға жұмыстарына өз үлестерін қосты. 


Айта кетейік, «Жасыл аймақ» экологиялық апталығы аясында қала және барлық аудандарда ағаш көшеттері отырғызылып, тазалық жұмыстары жүргізілуде.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.