Кітап оқып жүрген жалаңаш ер адам жұртты дүрліктірді

1 554

Фото: видеодан кадрАқтаудағы 6-шағынауданның тұрғындары жалаңаш жүрген ер адамға шағымданып, полиция шақырған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


22-үйдің ауласында белгісіз біреу жалаңаш күйде дауыстап кітап оқып отырған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиға орнына келген, алайда ер адам пәтеріне кіріп үлгерген.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам дүкенге кіріп, сусындар салынған тоңазытқышты аударып, балаларды қорқытқан. 


"Алғашында шорты киіп кірді. Сосын шықты да, киімсіз қайта кірді, қайда шешінгенін білмейміз. Ол дүкенге жалаңаш кірді, ал сатушы есікті іштен жауып алды. Ол қорқып кетті. Есікті, сосын сусындар салынған тоңазытқышты теуіп жіберді, ол құлады. Бәрі дүкеннен жүгіріп шықты, полиция шақырылды. Олар өте тез келді. Бірақ ол үйіне кетіп қалды. Полицейлер ер адамды шақырды, ол алдымен айқайлап, сосын олармен төбелеспекші болды", - дейді куәгерлер.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.