Кітап оқып жүрген жалаңаш ер адам жұртты дүрліктірді
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Ақтаудағы 6-шағынауданның тұрғындары жалаңаш жүрген ер адамға шағымданып, полиция шақырған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
22-үйдің ауласында белгісіз біреу жалаңаш күйде дауыстап кітап оқып отырған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиға орнына келген, алайда ер адам пәтеріне кіріп үлгерген.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам дүкенге кіріп, сусындар салынған тоңазытқышты аударып, балаларды қорқытқан.
Қаз
Рус






