Жол белгілеріне бөлінген 272 миллион теңге жымқырылған

1 384

Фото: pixabay.comАқтөбеде  жол белгілеріне бөлінген ақша жымқырылған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ақтөбе прокуратурасы "Ақтөбе қаласының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығы" КММ-і директорының бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

КММ директоры қызметін пайдаланып, мемлекеттік сатып алу шарттары негізінде 272 млн теңгеге жол белгілерін салу бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың актілерін қабылдаған.

Оның әрекеті Қылмыстық кожекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы “Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу” бойынша күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазір қылмыстық іс Ақтөбе қаласының №2 сотына мәні бойынша қарау үшін жолданды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.