Қазақстанда қанша адам өлім жазасына кесілген?

1 601

Фото: ашық дерек көзіБас прокуратура 2023 жылғы үкімдер туралы мәліметті ұсынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.


Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 2023 жылдың 9 айында Қазақстан соттары 242 адамды ақтап, 9 адам өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілген (заңды күшіне енген үкімдер негізінде).


Өмір бойына бас бостандығынан айырылған 9 адам: Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша, адам өлтіру – 5 адам, ҚК-нің 120-бабы бойынша, зорлау – 1 адам, ҚК-нің 121-бабы бойынша, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін – 3 адам өмір бойына бас бостандығынан айырылған.


"Сотталғандар туралы қолда бар мәліметтерге сәйкес, 1994 жылдан бері заңды күшіне енген үкімдер бойынша 73 адам өлім жазасына кесілген", - делінген жауапта.


Еске салайық, Қазақстанда өлім жазасын қолдану ҚР Президентінің 2003 жылғы 17 желтоқсандағы тиісті мораторий енгізу туралы жарлығымен тоқтатылған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.