ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНДА ЖЫЛУ ЖОҚ

5 129

Фото: biz.liga.netҚызылорда облыстық балалар ауруханасына қатысты емделуші аналар наразылық білдіруде, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі. 


Әлеуметтік желіге Қызылорда облыстық балалар ауруханасында қызмет алушылар тарапынан жиі шағым жазылуда. Қыстың көзі қырауда жылудың аз берілуі, тіпті жаңа аурухананың терезелерінен соққан желдің салдарынан ем қонбай, суық тигізіп алдық деген аналардың жан айқайына тап болдық. Ауруханаға емделушілер өздерімен бірге электр пешін әкеліп жатуға мәжбүр. Өйткені емдеу мекемесінің іші азынап тұр. Ауырып ем іздеп келгенмен, емін аяқтамай шығып кететіндер де бар. 


Аналардың айтуынша,  іші  мұздай, терезеден жел улеп тұр. Терезені 2 көрпемен қаптап жауып,  2 пеш қосып отыр.


«Сенбі, жексенбі күні бүкіл аурухана бойынша кезекшілікке 1 дәрігер беріледі. Неге? Ауырып келген адамға көңіл бөлмейді. Ал, бала ауыр халде болмаса мүлде қарамайды. Мен осы ауруханаға 2 баламмен жаттым.Өзіме тұмау жұқтырдым ауруханада жатып. Білдей облыстық ауруханада ешкандай жағдай жоқ.  Төсек орындардың тозып кеткені соншалык ұстасақ жыртылып жатыр. Іші салқын.»,- деп жазды желі қолданушысы Манат. 


«Дегенмен, барлық аппараттары инвалид, төсектері кроватьтарына адам жаталмайды тіптен. Қанның ізі, сідіктің ізі, ескіріп шіріп кеткен. Кіттай баланың қолын қайта-қайта 10-дық шприцпен аямай тесіп жатыр. Балаға салатын бабочка деген нәрсе қайда? Бала түгілі менің тамырым жарамайды жарылып. Жоғары жақтағы азаматтарымыз ойланса екен», - дейді желі қолданушысы Медетқызы


Ал, Қызылорда облыстық балалар ауруханасының берген мәлімдесіне сүйенсек, «Жазба назарға алынды қосымша ақпарат жолданатын болады», -деп жаттанды жауаппен жылы қайтарған.