Түркістанда оқушылар әжетханада сабақ оқуда
579
Түркістан облысында мектеп оқушылары сыныпқа сыймай, әжетханада сабақ оқып жүр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Сұлтанбек Қожанов атындағы мектеп 600 балаға арналып, 45 жыл бұрын салынған.Әбден ескірген жеткен білім ордасында қазір таңда мыңға жуық оқушы бар. Тығырықтан шығу үшін мұғалімдер кез келген бұрышта сабақ беруге бейімделген. Қазіргі таңда ұстаздар бөлмесі мен бірде-бір орындығы жоқ акт залы да сыныпқа айналып кеткен.
Ең сорақысы, ескі ғимаратты әктеп-сырлау да мұғалімдердің мойнында. Мектепте орын жетіспегендіктен мұғалімдер барынша амалдауға тырысады. Бұрын дәретхана болған кабинеттерге оқушыларға орын жетіспегендіктен еден төсеп, тақта іліп, парта мен орындықтар қойған. Мектепте үш әжетхананы сыныпқа айналдырған.
Бұл жағдай ата-аналардың да жанына батады. Мектептің дәл алдында кезінде әскерилердің кеңсесі болған бес жылдан бері бос тұрған қос қабатты ғимарат бар. Сол ғимаратты мектептің есебіне өткізіп беріңіз деп аудан әкіміне екі жылдан бері өтініш айтып келеді екен. Бірақ әкім білімнен гөрі жекеменшікке өткізгісі келеді.