3 балабақшаны қатар басқарған әйел 19,3 млн теңге жымқырған

337
Шымкентте балабақша меңгерушісі балалардың сабаққа қатысу есебіне жалған мәліметтер енгізіп, бюджет қаржысын қалтасына басқан, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметінің мәліметінше, заңсыз әрекет 2019 жылдан 2021 жылға дейін 3 жыл бойы жүргізілген. Ол «Балапан» бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыруға бөлінген 19,3 миллион теңге бюджет қаражатын заңсыз жымқырған.

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті 3 балабақша меңгерушісі болып қызмет еткен әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол кінәлі деп танылып, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Мемлекетке келтірілген 19,3 млн теңге залал толығымен өтелді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.