Әкімдік ғимаратының алдында жол-көлік оқиғасы болды

1 515

Фото:© lada.kzАқтауда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, жол апаты салдарынан жолаушылар жарақат алды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sn.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 25-ші наурыз күні Маңғыстау облысы әкімдігі ғимаратының маңында болған. Полицияның мәліметіне сәйкес, Audi Q7 көлігінің жүргізушісі солға бұрылу кезінде қарсы бағытта келе жатқан көлікке жол бермей, жол қозғалысы ережесін бұзған. Соның салдарынан ол YUTONG маркалы автобуспен соқтығысқан. Апат кезінде автобуста болған бірнеше жолаушы жарақат алды. Оларға медициналық көмек көрсетіліп, тексерістен кейін үйлеріне қайтарылған.

«Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама рәсімделді. Қазір тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Маңғыстау облысының полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолда барынша мұқият болуға шақырады», – деп мәлімдеді ведомство.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.