Қазалыда жер телімі мен тұрғын үй кезегі бойынша кеңестер берілді

1 362

Фото: Қазалы ауданының әкімдігіБүгін партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс жоспары аясында «Құқықтық көмек» партиялық жобасы шеңберінде жер телімдерін табыстау және тұрғын үй коммуналдық шарушалық мәселесі бойынша тақырыптық қабылдау өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қабылдауға келушілер жер телімін алу және тұрғын үй кезегіне тіркелуге қатысты сауалдарын қойып, кеңестер сұрады. Сонымен қатар мерзімі өткен жер теліміне қатысты мәселелер көтерілді.

Өз кезегінде қабылдаушы тұлғалар өздеріне қатысты сұрақтар бойынша жеке-жеке жауап беріп, заңдылыққа сәйкес кеңес беру жұмыстарын жүргізді.

Қазалы ауданында жер телімі мен тұрғын үй кезегі мәселелері бойынша өткізілген кездесулер тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған маңызды шаралар болып табылады. Мұндай кеңестер тұрғындарға өз құқықтары мен мүмкіндіктері туралы нақты ақпарат беріп, түрлі мәселелерді шешуге жол ашады.

Жер телімін алу және тұрғын үй кезегі мәселелері өте маңызды және әрбір азаматтың заңды құқықтарына қатысты. Мұндай мәселелер бойынша толық әрі нақты ақпарат алу үшін жергілікті әкімдікке немесе құқық қорғау органдарына жүгіну керек. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалар мен заңдық шаралар туралы біліп, оларды пайдалану арқылы тұрғын үй алу мен жер телімін игеру мүмкіндіктерін оңтайландыруға болады.

Тақырыптық қабылдауға Әйтеке би кенті әкімінің орынбасары Тәуіржан Құлмұратов, аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Сапарбек Қуатов және аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Жасәділ Ешепетов қатысты.