"Сөйлескім келді": Түнде көрші әйелдің үйіне кіріп,суретке түсірген

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИАқмола облысында ер адам түнде көрші әйелдің үйіне кіріп, ұйықтап жатқан жерінде суретке түсірген. - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі . 

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Атбасар ауданының полиция бөліміне ауылдық елді мекендердің бірінің тұрғынынан өтініш келіп түскен. Әйелдің айтуынша, көрші тұратын ер адам түнде оның үйіне заңсыз кіріп, оны ұйықтап жатқан күйде суретке түсірген.           Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында 37 жастағы ер адамның 20 жастағы көршісінің үйіне кіргені анықталды. Ол өзінің іс-әрекетін қызбен сөйлескісі келгендігімен түсіндірген.

“Қазір полицейлер болған оқиғаның барлық мән-жайларын, сондай-ақ қатысушының іс-әрекетінің себептерін анықтап жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданады”, – деп жазылған полиция хабарламасында. 

Полиция азаматтарға басқа біреудің үйіне заңсыз кіру заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.  

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.