Ұлттық экономика министрі Қостанай және Қызылорда облыстарының тұрғындарымен кездесті

380

Фото: Қызылорда облыс әкімдігіҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Жарлығына сәйкес мемлекеттік органдардың басшылары өңірлерге барып, халықпен кездесу өткізуге тапсырма алды. Осы орайда ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қостанай және Қызылорда халқымен кездесті. Кездесу барысында министр ведомство жетекшілік ететін негізгі бағыттар туралы баяндады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Өткен жылы Қазақстан экономикасы қарқынды түрде дамыды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша ел экономикасы 4%-ға өскен.

«Ел экономикасының сапалы дамуы үшін Ұлттық экономика министрлігі бірқатар тиісті шараларды қабылдап жатыр. Мәселен, бүгінгі таңда өндірісті ынталандыру үшін салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, жаңа бизнес кәсіпорындары үшін өнімдерді өткізу кезінде қосымша құн салығы 70%-ға төмендетілді»,  деді ведомство басшысы.


Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібіндегі шағын бизнес субъектілері жаңа негізгі қорларға инвестиция салған жағдайда корпоративтік табыс салығынан босатылды. Оған қоса, Қазақстан аумағында өндірілмейтін тауарлар бойынша есептеу әдісімен төлеу жеңілдігі ұзартылды. 
Ұлттық экономика министрлігі әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін қолдау шараларын қабылдап жатыр. Мәселен, мүлік салығының мөлшерлемесіе төмендету мен қызметкерлерді оқыту шығындарын екі есе шегеру. Сондай-ақ әкімшілендіру мен салық төлеуді оңайлату жөнінде шаралар қабылданды. Бұл:
- мобильді қосымшаны қолдана отырып, жаңа арнайы салық режимін енгізу;
- шетел валютасын теңгеге айырбастауды жүзеге асырған бизнес субъектілері үшін қосымша құн салығын қайтару шегін валюталық түсімнен кемінде 50%-ға дейін 70-тен 80%-ға дейін ұлғайту;
- ең төмен жалақы мөлшерін есептік көрсеткіш ретінде пайдалануды болдырмау және оны айлық есептік көрсеткішке аудару.
Бұл шаралар шағын және орта бизнестің іскерлік белсенділігін ынталандыруға бағытталған.
Сондай-ақ:
- микро және шағын кәсіпкерлік үшін жиынтық жүктемені 34%-дан 20%-ға дейін төмендете отырып, еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлемді енгізу;
- дивидендтерді босату бойынша салықтық жеңілдіктерді қайта қарау;
- цифрлық майнинг үшін төлем мөлшерлемесін арттыру;
- бақыланатын шетелдік компанияларға салық салуды жетілдіру;
- үлестес тұлғалар көрсеткен материалдық емес қызметтер бойынша шегерімдерді қолдануды шектеу;
- темекі өнімдеріне акциз мөлшерлемелерін үйлестіру, коньякқа акциз мөлшерлемесін ұлғайту жоспарланған.
Өткен жылы жаңа реттеуші саясатты – «таза парақтан бастап» реттеуді енгізуге бағытталған заң қабылданды. Бұл ретте бақылау және қадағалау органдары есебінің бірыңғай күні (бизнес алдында) және 2 («1 in, 2 out») орнына бір талап қағидаты енгізілді. Есеп беруді талап етуге тыйым салынды, олар бойынша есептілікті автоматтандыру – цифрландыру қамтамасыз етілмейді.
2022 жылға мынадай міндеттер бар:
- міндетті талаптар тізілімін құру;
- мемлекеттік бақылауды автоматтандыру бойынша;
- тексерулерден кәсіптік бақылауға көшу бойынша;
- бизнеске қойылатын талаптарды қарастыратын реттеуші актілерді талдау бойынша.
Сондай-ақ ұлттық экономика министрі кәсіпкерлікті дамытуды жан-жақты және тікелей қолдауға қатысты ведомство қабылдайтын шараларға жеке тоқталды. Ол үшін министрлік 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асырып жатыр. Осылайша, кәсіпкердің несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау 6% жылдық мөлшерлемемен қарастырылған, онда несие сомасы 3 млрд теңгеге дейін құрайды.
Сондай-ақ кредиттер бойынша кепілдік беру 360 млн теңгеге дейін, бұл ретте кепілдік мөлшері 85%-ды, ал 1 млрд теңгеге дейінгі кредиттер бойынша 50%-ды құрайды.
Ұлттық жоба аясында жаңа құрал – 6% мөлшерлеме бойынша кепілсіз негізде микрокредит беру енгізілді. Бұл ретте моно-, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде – 5% мөлшерлеме бойынша салалық шектеулерсіз, инвестициялық мақсаттарға кредит беру сомасы 20 млн теңгеден, айналым қаражатын толықтыруға қарастырылған сома 5 млн теңгеден аспайды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін өңірлерде ШОБ-қа жеңілдікпен кредит берудің жаңа тетігі енгізілді. Аталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру шағын және орта бизнесті, оның ішінде Қостанай облысында да дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Мәселен, 2021 жылдың қорытындысы бойынша «Бизнестің жол картасы – 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары аясында Қостанай облысы бойынша:
– жалпы кредиттер сомасы 45,6 млрд теңгеге (іске асыру сәтінен бастап 2 723 жоба) 1 086 жоба субсидияланды (іске асыру сәтінен бастап 245,34 млрд теңге);
– кредиттердің жалпы сомасы 13,8 млрд теңгеге 750 жоба (іске асыру сәтінен бастап 1 557) кепілдендірілді;
– 59,5 млн теңге сомасына (іске асыру сәтінен бастап 657,23 млн теңге) 14 грант берілді (іске асыру сәтінен бастап 244);
– 900 млн теңгеге (іске асыру сәтінен бастап 12,8 млрд теңге) 1 жоба (іске асыру сәтінен бастап 34 жоба) қаржыландырылды.
2022 жылға арналған республикалық бюджет аясында Қостанай облысы үшін субсидиялауға және кепілдендіруге 1,4 млрд теңге қаражат бөлінді.
Жалпы бүгінде ұлттық экономика министрлігі жедел және жүйелі сипаттағы шаралар қабылдап жатыр. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасы әзірленді. Бағдарлама – елдің орта мерзімді кезеңге арналған жаңа экономикалық бағытын қалыптастырудағы бірінші кезең. Ол макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру, кәсіпкерлікті және адами капиталды дамыту бойынша мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған.
Инфляцияны 2022 жылы 4-6% дәлізінде, ал 2024 жылы 4,5% деңгейінде ұстап тұру мақсатында 2022-2024 жылдарға арналған инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешені әзірленді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өткен аптада халықтың табысын арттыру бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама аясында жалдамалы қызметкерлердің еңбекақысын өсіру, АӨК, өңдеуші өнеркәсіпті, шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыру арқылы жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі шаралар іске асырылатын болады. Сондай-ақ жастарды қолдауға ерекше назар аударылып, халықтың дағдылары мен біліктілігін арттыру бойынша шаралар қабылданбақ», — деді Әлібек Қуантыров. 


Одан кейін ұлттық экономика министрі тарифтік саясатқа тоқталып, 2021 жылы реттелетін коммуналдық қызметтер бойынша өсімнің 2,88%-ды құрағанын айтты. 
Табиғи монополия салаларындағы тарифтік саясатты жетілдіру бойынша биыл министрлік келесі жұмыстарды атқарды:
– Тұрғындар үшін коммуналдық тарифтерді көтеруге 180 күнге мораторий енгізілді.
– Бұрын бекітілген тарифтер алынып тасталды немесе 2021 жылғы желтоқсан деңгейіне дейін түзетілді.
Бұл шаралар халыққа 3,2 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік береді (жылумен жабдықтау саласында – 1 442 млн теңге; электрмен жабдықтау саласында – 839,7 млн теңге; сумен жабдықтау саласында – 367,6 млн теңге; су бұру саласында – 224,6 млн теңге; газбен жабдықтау саласында – 318,7 млн теңге).
Сондай-ақ Газбен жабдықтау қызметтеріне «әлеуметтік осал топтағы тұтынушылар» жеке тобын бөлу бойынша жұмыс жүргізілді.
Қостанай облысында 187 реттелетін қызметті ұсынатын 93 табиғи монополия субъектісінің (жылумен жабдықтау саласында – 41, электр энергиясын беру – 10, сумен жабдықтау – 67, су бұру – 14, кірме жолдар – 53, газ тасымалдау – 2), сондай-ақ электрмен жабдықтау қызметтерін көрсететін қоғамдық маңызы бар нарықтың 5 субъектісінің қызметін мемлекеттік реттеу жүзеге асырылып жатыр.
Қолданыстағы тарифтер және базалық субъектілердің бағалары
(Қостанай қ.)

Қызметтің/субъектінің атауы Тариф (ҚҚС-сыз)Тариф (ҚҚС-пен)
Жылу энергиясы/«Қостанай ЖЭК» МКК (теңге/Гкал)7 162,118 021,56
Халық үшін орташа тариф3 700,174 144,19
Басқа тұтынушылар үшін орташа тариф11 042,0212 367,06
Бюджеттік ұйымдар үшін орташа тариф19 283,1021 597,07
Сумен жабдықтау/«Қостанай-Су» МКК (теңге/м3)105,49118,15
Халық үшін орташа тариф56,4363,20
Басқа тұтынушылар үшін орташа тариф204,18228,68
Бюджеттік ұйымдар үшін орташа тариф538,51603,13
Су тарту/«Қостанай-Су» МКК (теңге/м3)94,35105,67
Халық үшін орташа тариф43,9249,19
Басқа тұтынушылар үшін орташа тариф121,17135,71
Бюджеттік ұйымдар үшін орташа тариф680,26761,89
Электрмен жабдықтау/«ЭПК-forfаit» ЖШС 
(теңге/кВтсағ)
21,2223,77
Халық үшін орташа тариф16,8718,89
Басқа тұтынушылар үшін орташа тариф29,2032,70
Бюджеттік ұйымдар үшін орташа тариф49,9755,97

Өңірдегі табиғи монополиялар салаларына құйылған инвестициялардың көлемі 2021-2022 жылдарға 10,7 млрд теңгені, оның ішінде 2022 жылы 5,8 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылы көзделген инвестициялар сомасынан 20%-ға артық (4,8 млрд теңге).
Ұлттық экономика министрлігі өңірлік саясатты жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Өткен жылы республиканың моно - және шағын қалаларында (14 моно- және 13 шағын қала) 17 млрд теңге сомасына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу және реконструкциялау бойынша 62 жоба іске асырылды. 400 км қала ішіндегі втомобиль жолдары мен инженерлік желілер жаңғыртылды, 1 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Оның ішінде Қостанай облысында 750,5 млн теңге сомасына 4 жоба іске асырылды.
Әлібек Қуантыровтың айтуынша, биыл республика бойынша осы бюджеттік бағдарлама аясында 26 жобаны іске асыруға 10,2 млрд теңге көзделген. Қала көшелері мен инженерлік желілердің 200 шақырымын жаңғырту, 500-ге жуық жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

«2019 жылдан бастап даму әлеуеті бар (тірек және серіктес) ауылдар тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған “Ауыл – Ел бесігі” жобасы іске асырылып жатыр. Біз 2025 жылға дейін ауыл халқының 90%-ға жуығы немесе 7 млн адам тұратын осындай 3,5 мың ауылдың инфрақұрылымын жаңғыртуды жоспарлап отырмыз», — деді министр. 


Өткен жылы «Ауыл – Ел бесігі» аясында жалпы сомасы 96,2 млрд теңгеге 1 140 жоба іске асырылды. 9 мың жұмыс орны құрылды, 1,7 мың шақырымға жуық ауыл ішіндегі автомобиль жолдары, 1,3 мың шақырым инженерлік желілер және 302 әлеуметтік нысан жаңғыртылды. Биыл республика бойынша 120 млрд теңге бөлінді, 570 ауылдық елді мекенде 1 044 жоба іске асырылатын болады. Оның ішінде Қостанай облысы бойынша 6,6 млрд теңге бөліп, 32 ауылды (17 тірек және 15 серіктес) қамту жоспарланып отыр.
Бұдан басқа, Ұлттық экономика министрлігі ауылдық жерлерді кадрлармен қамтамасыз етуге аса мән береді. Осы мақсатта 2009 жылдан бастап «Дипломмен – ауылға» жобасы іске асырылуда.
Жобаның негізгі мақсаты – ауылдарда жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарды (денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және АӨК салаларында, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметкерлері) ынталандыру және бекіту.
Жоба аясында әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады. Олар: 
– бір маманға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы төлеу (306,3 мың тг);
– 1 500 АЕК-тен аспайтын сомада тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит, ол 15 жылға және 0,01% жылдық сыйақы мөлшерлемесімен (4,6 млн тг) беріледі.
2021 жылы «Дипломмен – ауылға» жобасы аясында 4,3 мың маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредиттер беруге 18,2 млрд теңге бөлінді. Бұл орайда Қостанай облысы бойынша тұрғын үй сатып алу үшін 282 маман бюджеттік кредит (1,1 млрд теңге сомасына) алды. 2022 жылы республика бойынша тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредиттер беруге 20,0 млрд теңге (4,3 мың маман үшін) көзделген. Оның ішінде Қостанай облысы бойынша 1,1 млрд теңге қарастырылған (246 маман үшін).
Одан әрі ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2025 жылға дейінгі жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұжырымдаманың іске асырылуына тоқталды.
Мемлекет басшысының саяси реформалары аясында өткен жылы белгілі бір заңнамалық түзетулер қабылданды. Бірінші кезекте – бұл ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу.

«Республика бойынша биылғы наурыз айындағы жағдайға сәйкес 893 ауылдық округ пен аудандық маңызы бар қала тұрғындары өз әкімдерін сайлады. Бұл ретте Қостанай облысында ауылдық округтерге 78 әкім сайланды», — деп мәлімдеді Ә. Қуантыров. 

Сонымен қатар министрдің айтуынша, дербестікті кеңейту үшін IV деңгейдегі бюджеттерге қосымша салықтар мен төлемдердің 4 түрі (бірыңғай жер салығы; жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы; жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер; жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлемақы) берілді. Нәтижесінде, бүгінде жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджетіне салық пен міндетті төлемдердің 10 түрі берілді. 
Жоғарыда көрсетілген төлем түрлерінен болжамдар бойынша еліміздің ауылдық округтеріне жыл сайын қосымша шамамен 13,0 млрд теңге түсетін болады. Қостанай облысы бойынша IV деңгейдегі бюджет аудандық маңызы бар 2 қалада (Жітіқара, Тобыл), 3 кентте және 194 ауылдық округте енгізілді. Облыс бойынша бюджеттің IV деңгейіндегі меншікті кірістер (ЖТС, мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдарына салынатын салық, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы, салықтық емес төлемдер) 2021 жылы шамамен 1,4млрд теңгені құрады (2020 ж. – 1,6 млрд теңге). 
Соңғы жылдары облыс бойынша жеке табыс көлемі төмендеп келеді. Осыған байланысты әкімдік осы үрдіске назар аударып, аталған көрсеткішті арттыру үшін белсенді түрде жұмыс істеуі керек.
2019-2021 жылдардағы Қостанай облысы бойынша ауылдық бюджеттердің меншікті кірістері
 млн теңге

Салық түрлері2019ж.2020ж.2021ж.
1ЖТС701,0557,5340,5
2Мүлік салығы17,825,737,3
3Жер салығы43,262,547,8
4Көлік құралдарына салынатын салық661,8862,1940,8
5Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы6,88,09,3
6Салықтық емес төлемдер19,084,219,2
7Барлығы:14501 6001 395

Бұдан басқа, 2025 жылға дейін қосымша салықтар мен төлемдерді ауылдық бюджеттерге беру жоспарланып отыр (су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы; жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым; жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы (алкоголь өнімін сақтау және өткізу бойынша). Бұл шаралар бюджеттің IV деңгейінің өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейін 2025 жылға қарай 2,5 млрд теңге сомасына 35%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Биыл ауылда өкілді орган («Кеңес»), қалаларда жергілікті өзін-өзі органдарын құруға, сондай-ақ мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару деңгейлерінің аражігін ажыратуға бағытталған жаңа заңдар әзірленетін болады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау үшін заңнамалық негіз дайындалады.
Биыл 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Мемлекет басшысының Қазақстан халықына Жолдауына сәйкес орталығы Семей қаласы болатын Абай облысын, орталығы Жезқазған қаласы болатын Ұлытау облысын, орталығы Талдықорған қаласы болатын Жетісу облысын және орталығы Қонаев қаласы (бұрынғы Қапшағай) болатын Алматы облысын құру бойынша жұмыстар басталды. 

«Жаңа облыстарды құру аталған өңірлердің дамуына қуатты серпін беретін болады. Сондай-ақ мемлекет пен жергілікті өзін-өзі басқару институттарын аражігін одан әрі ажырату бойынша жұмыс жалғасатын табады. Бұған қоса қысқа мерзімде дағдарысқа қарсы шаралардың кешенді пакеті іске асыралатын болады. Жалпы министрліктің одан арғы жұмысы елдің және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық деңгейін жақсартуға, оның ішінде халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталады», — деді ұлттық экономика министрі.

Әрі қарай Ұлттық экономика министрлігінің басшысы Әлібек Қуантыров Қызылорда облысына барып, ондағы халықпен кездесті. 
Мемлекет Басшысының бастамасына сәйкес биылғы 5 маусымда еліміздің неғұрлым маңызды мәселелерiне арналған шешiмдердiң жобалары бойынша бүкiлхалықтық дауыс беру, яғни республикалық референдум өтті. Оған сәйкес Ата заңның 33 бабына түзетулер енгізілмек, бұл оның үштен бір бөлігіне өзгерістер мен түзетулер енгізіледі деген сөз.

«Мемлекет басшысы өз сөзінде мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жасалып жатқанын, алдағы конституциялық реформаның ел дамуының жаңа кезеңінің басталуын көрсететінін баса айтып өткен еді. Аталған үлкен іс-шара Жаңа Қазақстанды құру бойынша саясатқа бағытталғанын ескере кеткен жөн», — деп бастады сөзін Ә. Қуантыров.

Әрі қарай министр Ұлттық экономика министрлігі жетекшілік ететін негізгі бағыттар туралы баяндап берді. Өткен жылы Қазақстан экономикасы қарқынды түрде дамыды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша ел экономикасы 4%-ға өскен.

«Ел экономикасының сапалы дамуы үшін Ұлттық экономика министрлігі бірқатар тиісті шараларды қабылдап жатыр. Мәселен, бүгінгі таңда өндірісті ынталандыру үшін салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, жаңа бизнес кәсіпорындары үшін өнімдерді өткізу кезінде қосымша құн салығы 70%-ға төмендетілді», — деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібіндегі шағын бизнес субъектілері жаңа негізгі қорларға инвестиция салған жағдайда корпоративтік табыс салығынан босатылды. Оған қоса, Қазақстан аумағында өндірілмейтін тауарлар бойынша есептеу әдісімен төлеу жеңілдігі ұзартылды. 
Ұлттық экономика министрлігі әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін қолдау шараларын қабылдап жатыр. Мәселен, мүлік салығының мөлшерлемесіе төмендету мен қызметкерлерді оқыту шығындарын екі есе шегеру. Сондай-ақ әкімшілендіру мен салық төлеуді оңайлату жөнінде шаралар қабылданды. 2022 жылға мынадай міндеттер тұр:
– міндетті талаптар тізілімін құру;
– мемлекеттік бақылауды автоматтандыру;
– тексерулерден кәсіптік бақылауға көшу;
– бизнеске қойылатын талаптарды қарастыратын реттеуші актілерді талдау.
Сондай-ақ ұлттық экономика министрі кәсіпкерлікті дамытуды жан-жақты және тікелей қолдауға қатысты ведомство қабылдайтын шараларға жеке тоқталды. Ол үшін министрлік 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асырып жатыр. Осылайша, кәсіпкердің несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау 6% жылдық мөлшерлемемен қарастырылған, онда несие сомасы 3 млрд теңгеге дейін құрайды.
Сондай-ақ кредиттер бойынша кепілдік беру 360 млн теңгеге дейін, бұл ретте кепілдік мөлшері 85%-ды, ал 1 млрд теңгеге дейінгі кредиттер бойынша 50%-ды құрайды.
Ұлттық жоба аясында жаңа құрал – 6% мөлшерлеме бойынша кепілсіз негізде микрокредит беру енгізілді. Бұл ретте моно-, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде – 5% мөлшерлеме бойынша салалық шектеулерсіз, инвестициялық мақсаттарға кредит беру сомасы 20 млн теңгеден, айналым қаражатын толықтыруға қарастырылған сома 5 млн теңгеден аспайды.
Мәселен, 2021 жылдың қорытындысы бойынша «Бизнестің жол картасы – 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары аясында Қызылорда облысы бойынша:
- жалпы кредиттер сомасы 31,7 млрд теңгеге (іске асыру сәтінен бастап 125 млрд теңге) 2 057 жоба субсидияланды (іске асыру сәтінен бастап 3 674 жоба);
- жалпы кредиттер сомасы 21,9 млрд теңгеге (іске асыру сәтінен бастап 40,4 млрд теңге) 1 099 жоба кепілдендірілді (іске асыру сәтінен бастап 2 179 млрд теңге); 
- 248,7 млн теңге сомасына (іске асыру сәтінен бастап 861,8 млн теңге) 68 грант берілді (іске асыру сәтінен бастап 612);
- жетіспейтін индустриялық инфрақұрылымды жүргізу бойынша 84,4 млн теңге сомасына 1 жоба қаржыландырылды.
Республикалық бюджет аясында 2022 жылға қосымша қаражат бөлуді ескере отырып, Қызылорда облысы үшін шағын және орта бизнес cубъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға 4 млрд теңге мөлшерінде қаражат бөлінді. 
Жалпы бүгінде ұлттық экономика министрлігі жедел және жүйелі сипаттағы шаралар қабылдап жатыр. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасы әзірленді. Бағдарлама – елдің орта мерзімді кезеңге арналған жаңа экономикалық бағытын қалыптастырудағы бірінші кезең. Ол макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру, кәсіпкерлікті және адами капиталды дамыту бойынша мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған.
Инфляцияның 2022 жылы 8-10% нысаналы дәлізден жоғары өсуіне жол бермеу, одан әрі 2023 жылы 4-6%-ға, 2025 жылдан бастап 3-4%-ға дейін төмендету мақсатында инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған шаралар кешені әзірленді. 

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өткен аптада халықтың табысын арттыру бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама аясында жалдамалы қызметкерлердің еңбекақысын өсіру, АӨК, өңдеуші өнеркәсіпті, шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыру арқылы жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі шаралар іске асырылатын болады. Сондай-ақ жастарды қолдауға ерекше назар аударылып, халықтың дағдылары мен біліктілігін арттыру бойынша шаралар қабылданбақ»,  деді Әлібек Қуантыров. 

Одан кейін ұлттық экономика министрі тарифтік саясатқа тоқталып, 2021 жылы реттелетін коммуналдық қызметтер бойынша өсімнің 2,88%-ды құрағанын айтты.
Табиғи монополия салаларындағы тарифтік саясатты жетілдіру бойынша биыл министрлік келесі жұмыстарды атқарды:
– Тұрғындар үшін коммуналдық тарифтерді көтеруге 180 күнге мораторий енгізілді.
– Бұрын бекітілген тарифтер алынып тасталды немесе 2021 жылғы желтоқсан деңгейіне дейін түзетілді.
Сондай-ақ Газбен жабдықтау қызметтеріне «әлеуметтік осал топтағы тұтынушылар» жеке тобын бөлу бойынша жұмыс жүргізілді.
Қызылорда облысында 53 реттелетін қызметті ұсынатын 33 табиғи монополия субъектісінің қызметін реттеу жүзеге асырылады: сумен жабдықтау және су бұру – 14, электр энергетикасы – 2, жылумен жабдықтау – 13, кірме жолдар – 22, тауарлық газды тасымалдау – 2.
Базалық табиғи монополиялар субъектілері бойынша коммуналдық қызметтерге қолданыстағы орташа босату тарифтері 

АймақЭлектрмен жабдықтауСумен жабдықтауСуды бұруЖылумен жабдықтауГазбен жабдықтау
Қызылорда облысы18,96
теңге/кВт.с.
61,76
теңге/м3
67,54
теңге/ м3
5425,54 теңге/Гкал16717,19*
теңге/мың м3

Ескертпе: * газбен жабдықтау бойынша өзге заңды тұлғалар мен бюджеттік ұйымдар үшін тариф көрсетілген 
Базалық табиғи монополиялар субъектілері бойынша халық үшін коммуналдық қызметтерге қолданыстағы тарифтер 

АймақЭлектрмен жабдықтауСумен жабдықтауСуды бұруЖылумен жабдықтауГазбен жабдықтау
Қызылорда облысы15,66
теңге/кВт.с.
40,11
теңге/м3
42,39
теңге/ м3
5425,54 теңге/Гкал16496,52
теңге/мың м3 

Базалық табиғи монополиялар субъектілері бойынша коммуналдық қызметтерге қолданыстағы орташа босату тарифтері 

АймақЭлектрмен жабдықтауСумен жабдықтауСуды бұруЖылумен жабдықтауГазбен жабдықтау
Қазақстан Республикасы20,24
теңге/кВт.с.
113,97
теңге/м3
92,23
теңге/ м3
5224,61
теңге/Гкал
21149,63
теңге/мың м3 

Базалық табиғи монополиялар субъектілері бойынша коммуналдық қызметтерге халық үшін қолданыстағы тарифтер 

АймақЭлектрмен жабдықтауСумен жабдықтауСуды бұруЖылумен жабдықтауГазбен жабдықтау
Қазақстан Республикасы13,86
теңге/кВт.с.
66,03
теңге/м3
44,91
теңге/ м3
2879,43
теңге/Гкал
21149,63
теңге/мың м3

 2021-2022 жылдары өңірдегі табиғи монополиялар саласына инвестициялар көлемі 884,5 млн теңгені құрады, оның ішінде 2022 жылы – 684,3 млн теңге, бұл өткен жылы көзделген инвестициялар сомасынан 240%-ға (200,2 млн теңге) артық.

«Министрлік өңірлік саясатты жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. 2019 жылдан бастап Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары жүзеге асырылып жатыр. 2021 жылы осы кешенді жоспар өзектілендіріліп, қолданылу мерзімі 2025 жылға дейін ұзартылды», — деді министр. 

Оның айтуынша, кешенді жоспар жалпы құны 1,4 трлн теңге болатын 125 іс-шараны іске асыруды көздейді (РБ – 94,0 млрд теңге, ЖБ – 22,3 млрд теңге, жеке инвестициялар – 1,3 трлн теңге). Кешенді жоспар жалпы инвестициялық жобаларды іске асыруға, тұрғын үй және өзге де инфрақұрылымды, ауыл шаруашылығын, әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған.
Министрлік моно- және шағын қалаларды дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Өткен жылы республиканың моно- және шағын қалаларында (14 моно- және 13 шағын қала) 17 млрд теңге сомасына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салу және реконструкциялау бойынша 62 жоба іске асырылды. 400 км қала ішіндегі автомобиль жолдары мен инженерлік желілер жаңғыртылды, 1 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Оның ішінде Қызылорда облысында 1,9 млрд теңге сомасына 9 жоба іске асырылды.
Биыл республика бойынша бюджеттік бағдарлама аясында 57 жобаны іске асыруға 25,8 млрд теңге көзделген. Қала көшелері мен инженерлік желілердің 400 шақырымын жаңғырту, 1 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарлануда, оның ішінде Қызылорда облысында 4 жобаны іске асыруға 348,6 млн теңге бөлінді. 

«2019 жылдан бастап даму әлеуеті бар (тірек және серіктес) ауылдар тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған “Ауыл – Ел бесігі” жобасы іске асырылып жатыр. Біз 2025 жылға дейін ауыл халқының 90%-ға жуығы немесе 7 млн адам тұратын осындай 3,5 мың ауылдың инфрақұрылымын жаңғыртуды жоспарлап отырмыз»,  деді министр.

Өткен жылы «Ауыл – Ел бесігі» аясында жалпы сомасы 96,2 млрд теңгеге 1 140 жоба іске асырылды. 9 мың жұмыс орны құрылды, 1,7 мың шақырымға жуық ауыл ішіндегі автомобиль жолдары, 1,3 мың шақырым инженерлік желілер және 302 әлеуметтік нысан жаңғыртылды. Биыл республика бойынша 127,9 млрд теңге бөлінді, 575 ауылдық елді мекенде 1 057 жоба іске асырылатын болады. Оның ішінде Қызылорда облысы бойынша 7,9 млрд теңге бөліп, 31 ауылды (21 тірек және 10 серіктес) қамту жоспарланып отыр.
Бұдан басқа, Ұлттық экономика министрлігі ауылдық жерлерді кадрлармен қамтамасыз етуге аса мән береді. Осы мақсатта 2009 жылдан бастап «Дипломмен – ауылға» жобасы іске асырылуда.
Жобаның негізгі мақсаты – ауылдарда жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарды (денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және АӨК салаларында, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметкерлері) ынталандыру және бекіту.
2021 жылы Қызылорда облысы бойынша 457 маман (2,0 млрд теңге сомасына) тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит алды. 2022 жылы республика бойынша тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредиттер беруге 20,0 млрд теңге (4,3 мың маман үшін) көзделген. Оның ішінде Қызылорда облысы бойынша 517 маман үшін 2,4 млрд теңге қарастырылған.
Одан әрі ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2025 жылға дейінгі жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұжырымдаманың іске асырылуына тоқталды.
Мемлекет басшысының саяси реформалары аясында өткен жылы белгілі бір заңнамалық түзетулер қабылданды. Бірінші кезекте – бұл ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу.

«Республика бойынша биылғы наурыз айындағы жағдайға сәйкес 893 ауылдық округ пен аудандық маңызы бар қала тұрғындары өз әкімдерін сайлады. Бұл ретте Қостанай облысында ауылдық округтерге 53 әкім сайланды», — деп мәлімдеді Ә. Қуантыров. 

Дербестікті кеңейту мақсатында 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап IV деңгейдегі бюджеттерге қосымша салықтар мен төлемдердің 4 түрі берілді (бірыңғай жер салығы; жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы; жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер; жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлемақы). Қызылорда облысы бойынша IV деңгейдегі бюджет аудандық маңызы бар 2 қалада (Арал, Қазалы), 2 кентте және 142 ауылдық округте енгізілді. Облыс бойынша бюджеттің IV деңгейіндегі меншікті кірістер (ЖТС, мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдарына салынатын салық, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы, салықтық емес төлемдер) 2021 жылы шамамен 1,4млрд теңгені құрады (2020 ж. – 1,4 млрд теңге). 
2019-2021 жылдарда Қызылорда облысы бойынша ауылдық елді мекендердің жеке табыстары
 млн теңге

Салық түрлері2019 ж.2020 ж.2021 ж.
1Жеке табыс салығы536,2302,3177,6
2Мүлікке салық15,119,332,3
3Жерге салық 70,976,973,7
4Транспорттық құралдарға салық720,1918,91064,2
5Сыртқы жарнаманы орналастыру үшін төлем1,63,97,2
6Салықтық емес төлемдер19,938,135,5
7Барлығы:1364,21359,51390,1

Биыл ауылда өкілді орган («Кеңес»), қалаларда жергілікті өзін-өзі органдарын құруға, сондай-ақ мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару деңгейлерінің аражігін ажыратуға бағытталған жаңа заңдар әзірленетін болады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау үшін заңнамалық негіз дайындалады.

«Сондай-ақ мемлекет пен жергілікті өзін-өзі басқару институттарын аражігін одан әрі ажырату бойынша жұмыс жалғасатын табады. Бұған қоса қысқа мерзімде дағдарысқа қарсы шаралардың кешенді пакеті іске асыралатын болады. Жалпы министрліктің одан арғы жұмысы елдің және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық деңгейін жақсартуға, оның ішінде халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталады», — деді ұлттық экономика министрі.