Қазақстанда енді дінге сенбейтіндердің құқықтарын заңдастырады

466

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов дін саласындағы заңдарға қандай түзетулер енгізу жоспарланғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


“Біз діндарлар мен дінге сенбейтіндердің де құқықтарын қамтамасыз етуге тырысамыз. Осыған байланысты біз түзетулер аясында әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, “дінге сенбейтіндердің құқықтары” деген ұғымды енгізуді жоспарлап отырмыз. Яғни, егер қазіргі уақытта дінге сенушілердің құқықтары болса, біз дінге сенбейтіндердің құқықтарын енгізгіміз келеді. Біз – зайырлы мемлекетпіз, дінге, конфессияға, этникалық қатыстылыққа қарамастан заң бәрінен жоғары”, – деп хабарлады Нукежанов ОКҚ брифингінде.
Сондай-ақ дін саласындағы заңнаманы жетілдіру жоспарлануда.


“Біздің комитет дін саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыруда және Біз діни бірлестіктерді тіркеу және діни іс-шараларды өткізу мәселелерін оңайлатуды көздейтін кейбір түзетулер енгізуді жоспарлап отырмыз”, – дейді спикер.
Жалпы оның бағалауы бойынша Қазақстандағы діни ахуал тұрақты.

“Конфессиялар, діни бірлестіктер мен мемлекеттік органдар арасында толық өзара түсіністік бар. Бізде диалог алаңдары жұмыс істеп тұр. Еліміздің діни бірлестіктерінің қызметі қоғамның дамуына және конфессияаралық қатынастарды нығайтуға жәрдемдесуге бағытталған”, – дейді спикер.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.