Аудан әкімі Жосалы мен Жаңажол ауылдық округтерін аралады

1 018

Фото: Қармақшы әкімдігіСапар барысында аудан басшысы ауыл шаруашылығы бағытындағы бірқатар нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Жосалы және Жаңажол ауылдық округтеріне жұмыс сапарымен барды.

Алдымен Жосалы ауылдық округіндегі «Шабан ата» шаруа қожалығының егіс алқабына барып, бақша егу жұмыстарының барысын көрді.

Мұнан кейін Жаңажол ауылдық округінде «Жаңажол» ЖШС-нің қашыртқы каналы мен су айдау құрылғыларының жұмысымен танысты. Сонымен қатар, серіктестіктің алма бағына барып, баптау жұмыстарының жай-күйін көрді.

Жұмыс сапары аясында аудан басшысы «Жаңажол» ЖШС-нің күріш алқабына да барып, егіс жағдайымен танысты. Шаруашылық басшыларымен пікір алмасып, мәселелер мен ұсыныстарды тыңдады.

Сапар қорытындысымен аудан әкімі сала мамандарына нақты тапсырмалар беріп, сапалы әрі нақты орындалуын бақылауға алуды тапсырды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.