2025 жылы Ұлттық қордан балалардың шотына 100 доллардан көп түседі
1 333
Ұлттық банк мәліметінше, «Ұлттық қор – балаларға» жобасы негізінде берілетін қаржы қаңтар айында түседі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
«Өткен жылы әрбір балаға 100 доллардан берілген еді. 2023 және 2024 жылдар инвестициялық кіріс тұрғысынан табысты болды. Сондықтан жылжымалы орташа деңгей өсіп жатыр. Келесі жылдың қаңтарындағы сома жоғары болады», – делінген хабарламада.
Алайда ұлттық банк балаларға берілетін нақты соманы айтпады.
Айта кетейік, ақпан айында «Ұлттық қор – балаларға» жобасының аясында 6,9 миллион баланың шотына қаржы аударылған еді.