"АрселорМиттал Теміртаудың" жаңа атауы белгілі болды
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Теміртауда компания ұжымымен кездесуде Qazaqstan Steel Group акционері Андрей Лаврентьевті таныстырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Qarmet компаниясын, бұрынғы "АрселорМиттал Теміртауды" Вадим Басин басқарады. Қазақстанда және Қарағанды облысында танымал кәсіпкер "АрселорМиттал Теміртау" активтерін сатып алды.
Кездесуде Андрей Лаврентьев Вадим Басинді QARMET компаниясының бас директоры ретінде таныстырды. Қазақстандық кәсіпкер активтерді сатып алумен қатар, өндірісті жаңғыртуға және өңірдің экологиясын қорғауға тағы 3 млрд АҚШ долларын құюға міндетті, оның 1,3 миллиард доллары алдағы жылы инвестицияланады.