"АрселорМиттал Теміртаудың" жаңа атауы белгілі болды

1 560

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Теміртауда компания ұжымымен кездесуде Qazaqstan Steel Group акционері Андрей Лаврентьевті таныстырды,  - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Qarmet компаниясын, бұрынғы "АрселорМиттал Теміртауды" Вадим Басин басқарады. Қазақстанда және Қарағанды облысында танымал кәсіпкер "АрселорМиттал Теміртау" активтерін сатып алды.

"Әрине, жаңа басшының алдында маңызды міндеттер тұр. Бірінші кезекте еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлерге жағдай жасап, әл-ауқатын арттыру қажет. Сондай-ақ әлеуметтік жобалар арқылы жергілікті қоғамдастықты дамытуға белсенді қатысып, көмек көрсету керек", – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Кездесуде Андрей Лаврентьев Вадим Басинді QARMET компаниясының бас директоры ретінде таныстырды. Қазақстандық кәсіпкер активтерді сатып алумен қатар, өндірісті жаңғыртуға және өңірдің экологиясын қорғауға тағы 3 млрд АҚШ долларын құюға міндетті, оның 1,3 миллиард доллары алдағы жылы инвестицияланады.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.