Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты орын алды

144
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Атамекен ауылы маңында жантүршігерлік жол апаты болып, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Басылым мәліметінше, жол апаты 14 қарашада жергілікті уақыт бойынша 21:45-те болған. Желіде апат орнында түсірілген видео тарады. Апат салдарынан бір көлік өртеніп, екі адам қаза тапқан.

"Өрт толықтай өшірілді. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бұл факт ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша Мұнайлы аудандық полиция бөлімінде тіркелді", - делінген хабарламада.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.