18 жастағы студенттің атына несие рәсімдеп, кейін қатігездікпен өлтіріп кеткен
НеМолчи қорының басшысы Динара Смайылова Қонаев қаласында 18 жастағы студентті бірнеше ер адам қатігездікпен өлтіргенін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Динара Смайылованың сөзінше, марқұм колледжде аспаз мамандығы бойынша білім алған. Ал қылмысқа қатысты күдіктілер 18-21 жас аралығында екен.
Динара Смайылованың айтуынша, Қонаев полициясы күдіктілерді ұстаған. Бірақ марқұмның жақындары екі адамның ұсталғанын, алайда екі адамның бостандықта екенін жеткізіпті. Сондықтан қылмыскерлер жазасыз қала ма деп қорқады.
Полиция департаментінің мәліметінше, 18 жастағы студенттің өлімі расталған.
Полиция дерегіне сәйкес студенттің өліміне тек екі адамның қатысы бар. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды.