Қазақстанда қанша адам баспанаға мұқтаж?

243
Елімізде 613 мыңнан астам азамат тұрғын үй кезегінде тұр, -  деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Тұрғын үйге мұқтаждар тізімінде ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен 70 мың адам бар. Оның 51 мыңы көпбалалы отбасылар, 2 мыңы жетім балалар, 10 мыңы 1 және 2 топтағы мүгедектер және 7 мыңы мүгедек баласы бар отбасылар.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жеке тұрғын үй қорында тұрғын үйді жалға алғаны үшін, тұрғын үй төлемдерінің тетігі әзірленді, тиісті қағидалар әзірленіп,  Отбасы банкі базасында цифрлық платформа іске қосылды. Бүгінде 25 мыңнан астам өтінім қабылданып, оның 6 мыңға жуығы мақұлданды", - деді Өскенбаев Үкімет отырысында.

Жыл соңына дейін республика бойынша 15,1 млн шаршы метр немесе 138 мың тұрғын үй салу жоспарлануда. Оның 90 мыңнан астамы көп қабатты үйлердегі пәтерлер, 47 мыңы – жеке тұрғын үйлер.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.