Түркістан облысындағы өрттен қойшы қаза тауып, мыңнан аса қой қырылды

364
Түркістан облысындағы өрттен қойшы қаза тауып, мыңнан аса қой қырылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бәйдібек ауданы Алғабас ауылынан бес шақырым жердегі шаруа қожалығы аумағындағы мал ұстайтын екі қабатты ғимараттан өрт шыққан. Хабарлама 101-ге 31 қаңтарда сағат 7.15-те түскен.

Ғимараттың бірінші қабатында ұсақ мал ұсталса, екінші қабатында шөп сақталған. Фермадан жақын маңдағы өрт сөндіру бекетіне дейінгі аралық 40 шақырым болады. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 40 минутта жеткен.

Салдарынан 1150 бас қой мен 150 тонна сығымдалған шөп өртеніп кетті. Оқиға орнынан шопанның денесі табылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт 09.37-де оқшауланып, 10.23-те ауыздықталған. Өрт аумағы 781 шаршы метр болады. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт сөндіруге Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 15 өрт сөндірушісі мен 4 бөлімшесі жұмылдырылды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.