Алматы облысының тұрғыны таудың ауасын құтыға салып сатып жатыр

419

Фот: OLX.KZҚазақстандықтар жарнама сайттарының бірінен ерекше хабарландыру тауып алды. Ер адам "Қазақстанның ауасын" құтыға салып сатып жатыр.

Қазақстанның "таулы ауасын" сатып жатқан ер адаммен телеарна тілшісі байланысқа шыққан. 
Ер адамның сөзінше, ол Алматы облысындағы таулардың ауасын шыны құтыға жинаған. Бір құтының бағасы - мың теңге деп белгіленген.

"Пысық сатушы егер өтініп жатса, бағалы тауарды тегін беруге де дайын екенін айтты. Біздің түсінуімізше, ауа сатып алушылар әзірге табылмапты",- дейді телеарна тілшісі.

Естеріңізде болса, еліміздің астанасы әлемдегі ауасы ластанған отыз қаланың қатарына енді. Осы орайда экологтар қаланы тезірек газға көшіру керектігін айтып, дабыл қақты.

Қалалар тізімінде елорда 21,9 микрограмм көрсеткішімен ауасы лас қала ретінде тіркелді. Елде өнеркәсіп пен өңдеуші кәсіпорындар, жылу-энергия орталықтары мен көлік түрлерінің саны артқан сайын ауа ластанып, түрлі дертке шалдыққандар саны артуда. 

Сондай-ақ Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанның 10 қаласы ауаның ластану деңгейі жоғары жерлер қатарына жатқызылғанын мәлімдеген еді. 

Еліміздегі ауасы қатты ластанған қалалардың қатарында Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент бар. Ластаушы заттар ауаға ең көп таралған өңір - Павлодар облысы.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.