Қызылордада мектеп асханасындағы бағаларды оқушының қалтасы көтереді ме?

328
2023 жылы мектеп асханасында бағалар арзандайды. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Telegram арнасында айтты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




Тамақтандыруды ұйымдастыру ережесіне өзгерістер енгізілді. Бұған дейін мектеп асханаларындағы тамақтың қымбаттығына байланысты проблемалар туралы жазған болатынмын. Буфет өнімдерінің бағасы көрші дүкенге қарағанда екі есе қымбат болатын жағдайлар да кездеседі. Біз мамандардың қатысуымен жұмыс тобын құрып, қажетті түзетулерді әзірледік, - деді министр.

Бұл өзгерістер 2023 жылы жүзеге асады десек, бүгінгі оқушыларымыздың қалтасына салмақ түсуде. Расында оқу жылы басталып, 1-тоқсанның аяқталуына да санаулы күндер қалды. Көпшілікті мектеп асханасындағы бағамен қатар, тамақтың сапасы да алаңдатады.  Ал, тоқсан бойына мектеп асханасынан тамақтанған балалардың аналары асхана тағамдарының қымбаттағандығын алға тартуда.




Өткен жылғы бәліш атауы бір болғанымен сапасы мен бағасында өзгерістер бар. Тіпті едәуір қымбат. Оның үстіне оқушылар үшін тиімсіз екендігі ескерілмеген дейді аналар.


Мектеп асханаларынан мұғалімдер ғана емес, оқушыларда әлденетіндігін ескермеген секілді. Жанындағы дүкендермен салыстырғанда едәуір қымбат.  №212 мектепте оқиды балам. Күндегі тамақтануына 500 теңге беремін. Оның өзінде мектеп асханасынан алған тағамы тоқаштары қымбат. Оның үстіне талапқа сай емес. Енді ол білім ордасы болған соң, баламен жұмыс жасайды ғой. Кішкене арзан бағада берілсе дейміз,- дейді Анаргүл.

 
 
Мектеп асханасында қызмет жасайтын жандардың бәрі бірдей аспаз емес. Қалай болса солай пісіреді, майы шылқып жатса, бағасы да ұшып жатыр. Барлық мектептерге бір бағаны белгілеп берсе,- дейді Мөлдір Жанатайқызы.



Ал, №212 мектеп-лицейі аталмыш жағдайды бақылауға алынғандығын хабарлаған болатын.

№212 мектеп әкімшілігі тарапынан күнделікті бақылауда. Орын алған жағдайға байланысты жалға алушы кәсіпкер мен аспазшыларға ескерту жасалынды,- делінген.


Ал, өзге мектептің ата-аналары асхана мәзірінде
Сосиска в тесте -150-180
Пицца -200-250
Пирожки – 130
Беляши – 180-200
Сок-1 стакан -80, ал 0,5- 250-300 теңгені құрайтындығын жарыса жазуда. 

Буфет өнімдерінің бағасы көрші дүкенге қарағанда екі есе қымбат болатын жағдайлар да кездеседі.

Ал, қалалық білім беру бөлімі мамандарының айтуынша, оқу жылы басталмай тұрып, арнайы шекті баға қойылып, асханалардың жай-күйін, тағамдарды дайындау сапасын күнделікті бақылауға алынатындығы ескертілгендігі мен арнайы бекітілгендігін де атап өтті.